Нұрсұлтан Назарбаев Томотерапия және ядролық медицина орталығында болды

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол әр пациенттің жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін TomoTherapyHI-HD құрылғысының жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменің қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Президентке медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаңа кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімделді.

Томотерапия және ядролық медицина орталығының арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оңтайландыруға және жетілдіруге, сонымен бірге алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.