Шымбұлақта қар жауды

Шымбұлақта қар жауды. 28 тамыз күні қар жауып жатқаны түсірілген видеоны тау шаңғысы курортының Instagram-дағы ресми парақшасы жария етті.

Желі қолданушылары «Алғашқы қар құтты болсын!», «Шаңғы тебе беруге бола ма?», «Шаңғы маусымы ерте ашылатын шығар», «Қалада салқын болады деген сөз», «Тым ерте ғой, тіпті, Астананың өзінде қазір күн жылы» деген тәрізді пікірлер қалдырған.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанда күзгі суық басталатынын және оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған еді.