Басты бет / Жаңалықтар /
68f41315e0edbc75d78f8c7588430c36 Табылған заттар бюросы Астана тұрғынын үйлену тойы күнінде қуантты
©Іnform.kz

Табылған заттар бюросы Астана тұрғынын үйлену тойы күнінде қуантты

Астанадағы ІІД табылған заттар бюросына көлігінен ақша мен құжаттар салынған әмиян тауып алған елорда тұрғыны жүгінген.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын таяуда түн ішінде жас жігітті діттеген жеріне жеткізген. Ол көліктен түскен кезде құжаттары, банк, дисконт карталары мен ақшасы салынған әмиянын қалдырып кеткен. Жүргізуші белгісіз адам қалдырып кеткен әмиянды Астана ішкі істер департаментінің табылған заттар бюросына апарып тапсырған.

Бюро қызметкері Ирина Руденко тіркеу деректері арқылы әмиян иесі Әсет Сапаржановтың байланыс телефонын тапқан. Әсеттің ұялы телефонына қоңырау шалған бюро қызметкері әмиянының табылғанын хабарлаған. Әсет Сапаржановтың сөзіне қарағанда, құжаттары мен ақшасы салынған әмиян оның дәл үйлену тойы күнінде өзіне қайтарылып отыр. Ол мұны жақсылыққа балап, отбасылық өмірінің бақытты боларына сенімді.

Әсет адамгершілік танытып, жоғалтып алған әмиянын ақшасымен бірге қайтарған жүргізушіге, жедел әрекет жасаған полиция қызметкеріне ризашылығын білдіреді. Астана ішкі істер департаментінде табылған заттар бюросы жұмыс істейді. Бұл бөлімге жоғалған құжаттар туралы ақпарат та түсіп отырады. Бюро жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін қажетті анықтаманы тегін береді. Астана ІІД табылған заттар бюросы Бейбітшілік көшесі 19-үйде орналасқан. Жұмыс кестесі: 08.30 — 18.30, түскі үзіліс — 12.30 -14.30. Жұмыс телефоны: 8 (7172) 95-15-49.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз