Қазақстан соттары шешендік өнерді меңгеруге міндеттелді

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап соттарға екі талап қойылатын болды. Біріншісі — жазбаша сөйлеу мәдениет сақтау. Сот орындаушыларына сот шешімдерінің, үкімдері мен қаулыларының бірыңғай құрылымы мен стилін сақтау талап етіледі.

Екіншіден, үкім шығарғаннан кейін кез келген сот түсінікті тілмен қабылдаған шешімі туралы түсіндіріп, айту керек.

Осы талаптарға сәйкес еліміздің соттары шешендік өнерді жаппай меңгеретін болады.

ДереккөзZakon.kz