24 тамыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, циклонның және онымен байланысты атмосфералық бөліктердің әсерінен республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында  жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және күндіз жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда облыстарында да жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.