23 тамыз күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 23 тамызда республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады, еліміздің шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстікте түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында да жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.