Әсет Исекешев жаңбыр суына қатысты мәселе 3 жылда шешілетінін айтты

Әсет Исекешев Астанадағы жаңбыр салдарынан көшелерді алып кететін суды шығарумен айналысатын арнайы кәсіпорын ашуды ұсынды.

Үкімет отырысында ол Астанадағы кәріз бен қаладан су шығару жүйесі қалада үш жылдық бағдарламаға байланысты дайындалғанын айтты.

«Әкімдік өте ауқымды жұмыс атқарды. Өткен жылы Тұран мен Ұлы Дала көшелерінің, 31-көшенің, Көктал кенті мен Мыңжылдық аллеясының тазарту құрылымын аяқтадық. Бір жылдың ішінде қарқынды қадаммен Тұран-Сығанақ тазарту құрылымдарының күрделі жөндеуін аяқтадық. Әлбетте, күрделі учаскелер бар. Әсіресе, Ақбұлақ, Момышұлы жаққа Абылай хан көшелерінен, Жастар шағынауданы мен Оңтүстік-Шығыстан және Қошқарбаев, Тәуелсіздік, Мыңжылдық пен өзге де жақтан су жиналады. Су ағызып шығаруды екі есе күшейту үшін күрделі техникалық шешім табылды. 2019 жылы ол жүзеге асады. Осылайша, қаржыландыруды ескере отырып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Үш жылдың ішінде негізгі мәселелер шешімін табады», — деді әкім.

Қала басшысы сонымен бірге соңғы күндері тіркелген жағдайлар бойынша сөз қозғады.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, бір жарым тәуліктің ішінде айлық нормадан бір жарым есе көп жауын жауған. 21 тамызда күнімен жаңбыр жауды. 20 тамызда 17 сағат бойы тынымсыз тағы нөсер болды. Үш күрделі учаске бойынша су көлку жағдайы тіркелді. Ол жерлерден норматив бойынша су сорылып, сыртқа шығарылды», — деді Әсет Исекешев.

Астана әкімі коммуналдық қызметтер екі тәулік бойы тынымсыз жұмыс жүргізгенін атап өтті.

«Жауынға арналған кәріз жүйелері жақсы жасалған Сингапур, Мәскеу, Киевте, Германияның, АҚШ пен Францияның қалаларында да тынымыз жауын салдарынан судың көлкіп кету жағдайы болғанын атап өткім келеді. Әкімдік Үкіметпен бірге аталмыш мәселені жіті бақылауында ұстап отыр. Бақытжан Әбдірұлы, қазір табиғи монополиялар туралы заңда жаңбыр суын шығару қызметі реттелмеген. Міне, сондықтан біз Астанада кәсіпорын құру туралы шешім қабылдағымыз келеді. «Астана Тазалық» базасында кәріз жүйелерін баланста ұстайтын кәсіпорын құратын уақыт келді. Осыған байланысты жауапты министрлікке тапсырма беруіңізді, «Астана Тазалықты» жекешелендіру бағдарламасынан шығарып тастауыңызды сұраймын», — деді Әсет Исекешев.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев соңғы күндері нөсер салдарына байланысты елорданың коммуналдық қызметтерінің жұмысын күшейтуді тапсырған болатын.