Басты бетЖаңалықтарАзиада-2018: үшінші...

Азиада-2018: үшінші жарыс күнінің қорытындысы

Индонезияның Джакартасы мен Палембангында болып жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының үшінші жарыс күні аяқталды.

21 тамыз күні Қазақстан құрамасының қоржынына жеті медаль қосылды: үш күміс және төрт қола медаль.

Күміс медальді таэквондошы Жансель Дениз, палуан Алмат Кебіспаев және су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіп алды.

Қола жүлдеге маунтинбайкер Кирилл Казанцев, таэквондошы Руслан Жапаров, палуандар Эльмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов ие болды.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан барлығы 13 медальді еншілеп отыр: бір алтын, бес күміс және жеті қола медальмен ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 10-орында тұр. Екінші жарыс күнінен соң ел қоржынында алты медаль болған еді. Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыстарға барлығы 440 спортшымыз қатысып жатыр.

ДереккөзSports.kz