Азиада-2018: Фариза Алдоңғарова жүлдегер атанды

Ол жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңілді.

Фариза Алдонғарова алғашқы айналымда өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимованы 17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайды 11:3 есебімен жеңді.

Фаризаның қоласы — Қазақстанның биылғы Азия ойындарындағы бесінші медалі. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алды. Еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы бір күміс, екі қола иеленді.

Азиадаға елімізден 440 спортшы аттанды. Азия ойындары 2 қыркүйекте аяқталады.

ДереккөзAzattyq.org