Синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстан аумағында арагідік найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, батыста топырақ борайды, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атырау облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі.
Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет” 18-20 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райына Түрікменстан аумағынан келетін жылы циклон әсерін тигізеді. Соның ықпалынан күн күркіреп, екпінді жел соғып, жылы жаңбыр жаууы мүмкін.
Ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 градус жылыға дейін, оңтүстікте түнде 17-22, күндіз 28-26 градус жылыға дейін, батыста антициклонның шығуымен түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 17-25 градус жылыға дейін төмендейді.
