Басты бет / Жаңалықтар /

Дереккөз: Ильин Пекин мен Лондонда алған алтын медальдарын қайтарады

Бізде бар ақпарат бойынша, Ильин, Чиншанло, Подобедова және Манезаға қатысты шешім 11-15 шілде аралығында шығады. ХОК жиынында Ильин мен үш чемпионның медалін алу мәселесі талқыланып, жаңа чемпиондарға медаль беру жолдары қаралмақ. Демек, Ильин қалайда медалін қайтарып бермек. Ал қос олимпиада алтынын қайтарған спортшының Рио олимпиадасына қатысуы екіталай.

Осыған дейін Қазақстан спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильин бастаған олимпиада чемпиондары Риоға бармайтынын мәлімдеген.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

11 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    неге алдынан тексермейді,неге кейін тексереді.Ер азамат қой құдай қаласа Илия болашақта дәлелдейді деп сенемін. Ол зілтемірді көтергенде қиналу дегенді білмейді
  2. Т
    Тина 10 жыл бұрын
    Ильяның маңдай терімен келген медальдары еді. Ала берсін! Бастысы оған халық сенеді, алапат күштің иесі, қазақтың көк туын желбіреткен еліміздің еркін де ерке ұланы! Әлі де өзін дәлелдей алатын мықты жігіттің рухын көтерейік!
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Атаңа нәлеттер. Не шаруасы бар медальдарында? Риоға қатыстырмаса, қатыстырмай-ақ қойсын. Бірақ еңбектеніп маңдай термен келген жүлделеріне тиіспесін.
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ильинге карсы келер карсылас болмагасын адие жоспарлар болыу керек риога катыстырмау ушин адии ис теп билем мынаны
  5. -
    -АПАЙ 10 жыл бұрын
    Аноним және Тина дұрыс айтасыз, әлем кеңістігін бейбітшілік уақытта да жөнді түсінгеніміз дұрыс екен , жан жақты білімділігі бар бақылаумен, спорт әлеміндегі алдыңғы саптағы барлаушыларымыз жан жақтылықпен сақ болып,ынта,бейбітшілікті сүйгіш, бай-құлықтылық көз қарас пен, сүрінбеу үшін де, зерттеліп жүрері енді анық екен!! Бірақ спортшыларымыздың көз қарасын ,ұйқысыз өткен адамдарға тән емес қиын күндерін жеңіп, әкелген жемісін бұрмалап отырса, кеш те болса, еш болмасыны жаман ғой,әрине бұл жастарымыздың титандай жан дүниесіне сенеміз, мойымаңыздар қайта, саф тазалықпен қымбаттылық жан дүниемен, мықтылықпен дәлелдеңіздер, ҚАЗАҚСТАН РУХЫН, ТУЫН көтеріп!!! Барлық әлемде соны ғана тілейді жастар жағына!!!!
  6. I
    Izat 10 жыл бұрын
    en jaksysy oni olimpiadaga katystyru kerek. daleldesin oz kushimen koterip.
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Не деген масқара Қазақ деген елдің туыл көкке көтерген бір топ спортшыларымызды осындайда қолдамассақ қазақ деген атымыз қайда. Ел басқарған елағалары қайда қарап отыр
  8. А
    Арыстан 10 жыл бұрын
    Мен бұны жала деп білемін. Себебі сол (осыдан бәлен жыл бұрын) кезде, тексергендер ай қарап жүрген ба? Біз Қазақстандықтар Ильямен біргеміз.
    1. Б
      Бибигуль 10 жыл бұрын
      Алтын медальдарын алып қой деген өтте ауыр өткенде ғана бәрі жақсы допинг табылмады деп хабарлама жасаған еді тексерістен қатте кеті деп енді қайта басталыпты біз Ильяның допинг қолданғана сенбейміз. Қазақстан туын асқақтатып тууын аспанға көтереді біз сенеміз өз еліміздің азаматын қорғауымыз керек жоғарыдағылар болып қалай жай отыр екен менің жылағым келіп кетті.
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сасық саясаттың исі аңқып тұр.
  10. Е
    Елтай 10 жыл бұрын
    Оңбағандар олар әдейі істеп тұрғой солардың кесірінен Риоға Илья қатыса алмадығо бірақ біз Ильяға сенеміз.