Тоқаев Назарбаевқа алдағы сессияның заң жобалау жоспары туралы айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде Назарбаевқа Сенаттың VI шақырылымының үшінші сессиясының заң шығару қызметі қорытындыланып, заң жобаларын жасаудың алдағы сессияға арналған жоспары талқыланды.

«Алдағы сессияда экономика саласы бойынша көп заң жобасын және бірқатар халықаралық құжатты қарау жоспарланған. Үкімет заңнама бастамаларының тұтас пакетін дайындап отыр, бізге олар бойынша жұмыс жүргізу қажет. Инфрақұрылымдық және индустриялық дамудың бұрын қабылданған бағдарламаларын және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессия қорытындысы бойынша Сенат депутаттары 84 заң қабылданғанын айтты. Олардың арасында салық, кедендік реттеу, бюджетті әкімшілендіру және басқа да салаларға қатысты заңдар бар.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау мәселесінде Президент Каспий елдерінің бесінші саммиті нәтижелеріне тоқталды.

Бес мемлекеттің басшылары біз 20 жылдан астам уақыт бойы дайындалған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Халықаралық сарапшылардың бәрі Ақтау мен Маңғыстау облысының одан әрі дамуына, өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, қызмет көрсету мен туризм салаларын ілгерілетуге ықпал ететін бұл шешімнің маңызы жоғары екенін айтып отыр», — деді Мемлекет басшысы.