Басты бет / Жаңалықтар /
7776b029957615ac014d5caaabe7db3d scaled Назарбаев: Ақтау келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады
Фото: akorda.kz

Назарбаев: Ақтау келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады

Ақорданың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қол жетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

«Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады», – деді Мемлекет басшысы.

Бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды. Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз