АҚШ президенті Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Обама Ресей және Франциямен бірге Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеуге ынтымақтастық білдіруге дайын екенін жеткізген.

Президент Обама сонымен бірге Ресейдің Сирия президенті Башар Асадқа азаматтарға қарсы шабуылдауын тоқтатуды талап етіп, қысым көрсетуді жалғастыра берудің маңызды екенін атап өтіп, бітім шартын толық орындау қажеттігін еске салған.

Президенттер Сириядағы «Ислам мемлекеті», «Жабхат ән-Нусра», «Әл-Каида» секілді экстремистік ұйымдармен бірге күресуді жалғастыра беретіндіктерін де жеткізген.

Украинаға қатысты президент Обама президент Путиннен елдің шығысындағы кикілжіңге нүкте қою үшін шара қолдануды сұрап, Минск келісімінің орындалуының маңызды екенін атап өткен.