11 жасар Мұхамедәлі Құрақ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Осылайша оқушы өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды аман алып қалған. Бүгінгі күннің жас батыры болашақта құтқарушы болуды армандайды.

Мұхамедәліге көптен күткен медалін облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Александр Путейко тапсырып, құтқарушылар қатарына қосылуға ұсыныс та жасады.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңғы күндерінің бірінде  толассыз жауған жаңбырдан соң ауылдағы өзен маңында ойнап жүрген 3 жастағы бүлдіршін суға ағып кеткен болатын. Сол сәтте мектеп оқушысы Мұхамедәлі еш ойланбастан суға түсіп, бүлдіршінді жағаға алып шығып қана қоймай, демсіз қалған оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жұрек тұсына массаж жасаған ол мұндай көмек көрсетуді кинодан көрген екен. Қаршадай баланың ерлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тіпті оның бұл әрекеті мемлекеттік награда лайық деп ұсыныс тастағандары да болды.