The Ring журналының кезекті шығарылымы Головкиннің рематчына арналды

Журнал мұқабасында Головкин мен «Канелоның» бір-бірімен көз атысып тұрған қылқаламмен салынған суреті жарияланған.

Ал екеуінің ортасына «War!» («соғыс» — ағылшын тілінде) деп жазылған. Айта кету керек, боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек шынымен де достық кездесуге ұқсамайды — GGG де, Альварес те және олардың жаттықтырушылары да, промоутерлері де үнемі сырттай ұрыс-керіс шығарып жүреді.

«Канело» мен Головкиннің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

ДереккөзInform.kz