Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Фото: Ақорда

Не болды?

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Арменияның вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді. Мәртебелі меймандарды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сонымен қатар кеңес отырысына Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды. Бірлестік одан әрі дамып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігіне қызмет ете берсін! Бүгінгі шағын форматтағы кездесу барысында біз сыртқы саудаға, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз, – деді Қазақстан президенті.

12 жыл бұрын дәл осы күні, яғни 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған еді.