Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпардан соң қайтыс болды

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Не болды?

Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпардан соң қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Nayza_kokshe парақшасының мәліметі бойынша, Целиноград ауданындағы көкпар ойынында 8-класта оқитын 14 жастағы бала қайтыс болды. Ол аттан құлап, естен танып қалған.

Жас бала көкпарға келмей қалған адамның орнына ойынға қатысқан

Бастапқыда ауыл балалары көкпарды өздері ұйымдастырған деген ақпарат тараған еді. Алайда кейін ересектер арасындағы жекеменшік ойын жаттығуы болғаны және қатысушылардың арасында жас бала да жүргені анықталды. Жас бала көкпарға келмей қалған көкпаршының орнына ойынға қатысқан. Көкпар «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның меншігіндегі жер телімінде өткен. Нысанның ресми атауы жоқ.

Көкпарды ұйымдастырғандар ойын өтетінін аудан әкімдігіне ескертпеген

Облыстық спорт басқармасы бұл көкпарға қатысы жоқ екенін айтты. Әкімдік те көкпар ойынынан бейхабар болып шықты.

Жаттығу жиыны азаматтардың жеке бастамасы бойынша өткен. Ұйымдастырушылар көкпар өтетінін аудан әкімдігіне ескертпеген. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған ресми спорттық, мәдени-бұқаралық немесе басқа да іc-шара емес, — деп хабарлады Целиноград ауданының әкімдігі.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Қызылордада көкпар кезінде көлік бірнеше атты қағып кетті.