Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды

Әнші Шоқан Маратұлы отандық арналардың бірінде бағдарлама жүргізіп жүр. Ол бағдарламаның кезекті түсіріліміне белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваны шақырған. Маман өз кезегінде тәжірибесімен бөлісіп, Баян Есентаеваның жуырда жолдасымен ажырасатындығын айтқан. Мұнымен қатар, ол продюсерге қайғылы оқиға туралы алдын ала ескерту жасамақ болғандығын жеткізді.

«Нумерологияда «қауіпті байланыс» деген түсінік бар. Екі адамның қарым-қатынасы басынан бастап жайсыз болады. Мен Баян Есентаеваның туған жылын, айы, күнін жақсы білемін. Осыдан бірнеше жыл бұрын консультация да жүргізген болатынмын. Оның «бағдарламасында» үш «4» бар. Ал «4» дегеніміз – төзімділік пен әділеттілік. Әдетте туған күнінде «4» саны жоқтар ұрысқақ, сөзшең келеді. Шыны керек, оның некесі Баянның төзімділігінің арқасында ғана ұсталып тұрды. Бұл некенің басынан бастап-ақ бақытсыздыққа бұйырғаны белгілі болған. Себебі, екеуінің стихиялары сай келмейді. Өзі – тауешкі, ал күйеуі – егіздер», – дейді нумеролог маман.

Маман Баян ханымға қайғылы оқиға туралы ұлы арқылы алдын ала ескертпек болған. Алайда кешігіп қалған екен.

«Астанада тұратын ұлым да нумерологиямен айналысады. Мен оған хабарласып «Бағдарламадан соң неге Баянға ескертпедің?» дедім. Ол «Анашым, биыл ол үшін қауіпті жыл болады. Күйеуіңіздің туған күнінен кейін жайсыз күндер басталады деп айтқанмын” деп жауап берді. Күйеуінің туған күні 28 мамыр. Арада 13 күн өткен соң қайғылы оқиға орын алды. Әрине, бұл бір күннің нәтижесі емес, олар көп жылдан бері бақытсыз болып келеді. Жуырда сөзсіз ажырасады», – дейді маман.

Бұдан өзге Клара Күзденбаева 2016 жылы Баян ханымның жұмыстары айтарлықтай жүрмесе де, 44 жасында адам айтса нанғысыз табысқа кенелетіндігін жеткізді. Мұнымен қатар, денсаулығы толықтай қалпына келіп, мансап жолында көптеген жетістікке жететінін айтты.

Дереккөзnur.kz