McDonald’s азық-түлік валютасын шығарды

MacCoin дүниежүзілік валютасын 2018 жылдың соңына дейін McDonald’s-мейрамханаларында тегін Биг Макқа айырбастауға болады.

«50 жыл бұрын McDonald’s мәзіріне енгізілген сәттен бастап, Биг Мак бүкіл әлемді жаулап алды және бүгінге дейін сұраныс азайған жоқ», — деді McDonald’s президенті және басты атқарушы директоры Стив Истербрук.

McDonald's
©Роман Егоров

The Economist журналы аты аңызға айналған Биг Мак сэндвичінің құнын жыл сайын әртүрлі ел валюталарын салыстыруға арналған экономикалық құрал ретінде пайдаланып келді. Осыдан кейін MacCoin азық-түліктік валютасын жасау туралы ой келді.

Бес түрлі дизайнмен жасалған MacCoin монетасының 6,2 миллион данасы әлемнің 50 еліне таратылады. Монетадағы жазу араб, ағылшын, индонезия, мандарин, португал, квебек және испан тілдерінде. MacCoin-ның артқы жағында өнер, музыка және поп-мәдениетті суреттейтін элементтер, ал беткі жағында Биг Мактың 50 жылдығының символы бейнеленген. Мысалы, 70-жылдар жаздың, гүлденген кезеңнің символын, ал 80-жылдар абстракция мен 3D-пейзаждарды бейнелейтін компьютерлік ғасыр кезеңін білдіреді. 90-жылдардағы монетаның дизайны ретро стильмен,  ал 2000 жылдардың дизайны ғаламдық компьютерлендірумен байланысты.

McDonald's
©Роман Егоров

2008-2018 жылдардағы монетаның дизайны Қазақстанда McDonald’s-тың алғашқы мейрамханасының ашылуына орай шығарылды.