Не болды?
Полиция қызметкерлері жолда, төтенше жағдай кезінде дронның қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, қылмысты ашудағы рөлін көрсетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Құқық қорғау органдары дронды бірнеше бағытта қолданады. Атап айтқанда, олар жол қозғалысын бақылап, жол ережесін бұзған жүргізушілерді әуеден тіркейді. Сонымен қатар дрондар таулы аймақта, кең далада және жету қиын жерде іздеу жүргізуге көмектеседі.
Заманауи құрылғылар сапалы камерамен және тепловизормен жабдықталған. Соның арқасында олар түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында да жұмыс істейді.
Полицияның мәліметінше, дрондар тергеу тобы жеткенше әуеден шолып, жағдайды жедел бағалауға көмектеседі.
Технологияның тиімділігі іс жүзінде де дәлелденіп отыр. Мәселен, Түркістан облысында дронның көмегімен мал ұрлығы әшкереленді. Құрылғы күдіктілердің қозғалысын бақылап, олардың жүрген бағытын анықтаған. Нәтижесінде полицейлер күдіктілерді ғана емес, ұрланған малды сатып алған адамды да анықтаған.
Дронды басқару үшін полиция қызметкерлері арнайы дайындықтан өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, полицейлер биіктен секірмек болған қызды құтқарып қалды.
