1 доллар құны 350 теңгеге жетті

KASE-дегі таңғы сату қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларына 349,44 теңгеге дейін әлсіреді. 1 тамыздағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллар құны 348,38 теңге болған еді.

Таңғы сессия нәтижесі бойынша ең төменгі баға 348,95 теңге, ең жоғарғы баға 349,73 теңге болды. Айырбас пункттерінде 1 доллар 349,5-350,7 теңге шамасында сатылып жатыр.

Теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамына келсек, орташа өлшемді баға 1 рубльге 5,5 теңге болды. Айырбас пункттерінде 1 рубльдің құны 5,6 теңгеге жетті.

1 евро — 407,1-409,1 теңге аралығында.

ДереккөзZakon.kz