Қазақстанда қандай телеарналардың жұмысына тыйым салынды?

Көптеген шетелдік телеарнаның тіркеу туралы куәліктері қайтарылып, Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратуы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР «Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» заңына (42-бап) 2017 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле- және радиоарналар осы заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе оның өкілдігін (филиалын) тіркеуге міндетті.

Заңның өзгерістері күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енгендіктен шетелдік теле-радиоарналар алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) осы жылдың 9 шілдесіне дейін тіркеуге міндетті болған.

Белгіленген кезең аяқталғаннан кейін министрлік «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңның 42-бабы 9-1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) тіркемеген, барлық шетелдік теле- және радиоарнаның тіркеу туралы куәліктерін қайтару туралы шешім шығарды. Бұл аталған теле- және радиоарналардың Қазақстан аумағында хабар тарату құқықтарын жояды. Бүгінгі таңда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле- және радиоарна тіркелген, олардың 219-ы ел аумағында өз өкілдіктерін ашты, ал 88-і ашпаған.

2018 жылдың басынан бастап министрлік өкілдіктерін ашпаған шетелдік теле- және радиоарналардың иелеріне ақпарат құралы қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізген.

Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастырғысы келетін шетелдік теле- және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.

Лицензиясы алынған шетелдік телеарналар:

Атауы

Киносоюз
НТВ-ПЛЮС 3D
КИНОЛЮКС
HD Кино 2
СПАС
MUSICBOX
RUSSIAN MUSICBOX
RU.TV
Amazing LIFE
Радость моя
Дождь
Стайл (Styletv)
Fashion TV
Fashion TV HD»
Ля-минор ТВ
Бридж ТВ
RTG TV, Russian Travel Guide
РУСОНГ ТВ/RUSONG TV
Russia Today TV

 

RT Documentary/ Документальный телеканал
Знание
ЮМОР BOX
ЕДА
World Business Channel
Первый Интернет Канал
VIP TV
Бойцовский клуб
Luxury World
ТОЧКА ТВ
Nautical Channel (Морской)
TOPSHOP TV
Русское экстремальное телевидение (Russian Extreme TV) в формате высокой четкости (HD)
Ювелирочка
Театр
ДЭНЖ ТВ/ DANGE TV
Нано-ТВ (Nano-TV)
БУЛАТ
ТРО
Улыбка ребенка
Телерадиосеть Благих Новостей
Джей Си Ти Ви
Кто есть кто
Первый образовательный
Парк развлечений
Боец
Всегда с тобой
Дамский клуб
Футбол
Русское экстремальное телевидение
Спорт 2
АйДи Фешн
Спорт 1
1+1 International
Интер плюс (Интер+)
Universal Channel
Diva Universal
Chasse et Peche
Е!
Travel Channel
Travel Channel HD
ИЭСПИЭН Классик Спорт
Sky News
Sky News HD
Baby TV
Outdoor Channel HD
Fine Living/Файн Ливинг
Fox News Channel
Fox Business Network
Bloomberg Television
24 Kitchen
24 KitchenHD
MOTORS TV
MyZen.TV HD
France 24

 

TV5MONDE Asie
TRACE URBAN
TRACE SPORTS
Чеченский государственный телерадиоканал «Грозный»
АТВ
LUXE TV HD
CNBC
AlmaSport
Food Network SD
Food Network HD
Food Living Network HD
Спутниковое телевидение Дагестана
KBS World
THT-Comedy