Екі ықшамауданның аумағындағы үйлерге бір күндік коммуналдық шектеу негізгі жылу трассаларын жөндеуге дайындау кезеңінде нысандарды ыстық сумен қамтудың уақытша схемасына көшіру үшін енгізіліп отыр. Коммуналдық мекеме тұрғындардан уақытша қиындыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.
Бұған дейін 7 тамыз күнгі сағат 08.00-ден 8 тамыз күнгі 17.00-ге дейін Назарбаев-Жамбыл-Чайковский-Құрманғазы көшелері шаршысындағы тұрғын үйлер ыстық судан ажыратылған. Бұған да жылу жүйесінің жылыту маусымына дейінгі кезеңде жөнделуі себеп.