Алматыда орталық көшелер уақытша жабылады

Алматыда жылу жүйесін жөндеуге байланысты Назарбаев даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі.

«Жер астымен жүретін магистральды жылу жүйесін жоспарлы жөндеу жұмыстарына орай қала көшелеріндегі екі аумақта қозғалыс тоқтайды. 22 маусым күні сағат 22.00-ден 25 маусым сағат 20.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Шевченкодан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралығы жабылады. 23 маусым күні сағат 10.00-ден 24 маусым сағат 20.00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсанға дейін жол қозғалысы шектеледі»,-деп мәлім етті

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметінен. Коммуналдық мекеме қала тұрғындарын құрылыс жұмыстарына байланысты болатын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұрайды. Сондай-ақ бұл аймақтарды айналып өту жолдарымен алдын ала танысуды ескертеді.

«Алматыда тозған су құбырларын заманға сай жаңаларына ауыстырып, инженерлік жүйелерді жөндеу — оқыс оқиғалардың алдын алу қажеттілігінен туындап отыр»,-деді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметінен.

Дереккөзinform.kz