Ресейдің белгілі урбанисі, әлеуметтік жобалау сарапшысы Святослав Мурунов Астананы дамыту және заманауи дәуірдің ерекшелігі мен жаһандық қаланың немен өмір сүретінін талқылады. Мәскеулік қонақ бас қаламыз туралы өзінің пікірін бөлісті.
Мәскеулік урбанист көбіне қоғамдық кеңістіктерді жобалайды. Оның жоба тізімінде Қазан, Сочи, Саратов, Ярослав, Калуга сияқты қалалар бар. Мурунов Астанаға бірнеше рет келген. Оның айтуынша, әлемдегі ең жас астана посткеңестік кеңістіктегі «жаһандық мақсаттар қалыптастырған қала-астана концепциясы» дегенге жарқын мысал бола алады.
«Қаладағы саябақ жай ғана саябақ емес, ол -шығармашылық кластер. Университет жай тұрған ғимарат емес, ол — күрделі бірлескен ғылыми қызмет, музей – ұжымдық толғаныс, рефлексия, кино – тәрбие, кітапхана – әлемді құрылымдау картинасы, т.б. Барлық қоғамдық институт — қаланың тұрақты дамуы үшін маңызды жайттар», — деді ол.
Урбанистің пікірінше, «Астана – қоғамдық кеңістікті дамытудың стратегиялары біріккен, қалалықтарды тәрбиелеуде, қоғамдық кеңістікті қайтадан заманауи қадаммен жасауды ойлана отырып және бірегей өзіндік қалып беруге, қоғамдық әлеуетті өсіріп, оның мазмұны мен басқарудың жаңа формасын іздеудегі алғашқы қалалардың бірі».