«WhatsApp мессенджері компания мен клиенттің байланысын оңтайландыру үшін жаңа функция құрастырып жатыр. WhatsApp Business деп аталатын жаңа қосымша іске қосылғаннан кейін компанияның клиентпен байланыс жасауына мүмкіндіктер арта түседі», — делінген мессенджердің блогында.
«Компаниялар үшін кейбір хабарламаларды жіберу ақылы болады. Сол себепті олар тек таңдаулы хабарламаларды іріктеп жібереді, нәтижесінде сіздің чаттарыңызда артық хаттар болмайды. Бұдан бөлек, хабарламаңыз өтпелі шифрлаумен қорғалады. Осының көмегімен кез келген компанияны бір шертпе арқылы бұғаттай аласыз», — деп хабарлайды WhatsApp мессенджері.