Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Аңыз. Ми мен компьютердің жұмысы бір-біріне ұқсамайды. Компьютер процессорында жады мен есептеулер бөлек орналасқан. Ал мида жад есептеулерді де жүргізеді.
Ми ешқашан демалмайды.
Click to Flip
Ақиқат. Ми адам ұйықтап жатқанда да жұмыс істейді. Ұйықтағанда түс көру – осының дәлелі.
Ми бөліктері рентгеннен анық көрінеді.
Click to Flip
Аңыз. Рентген суретінен дененің жұмсақ бөліктері нашар көрінеді. Сондықтан одан мидың бөліктерін анық байқау мүмкін емес.
Ер адам мен әйел адамның миында айырмашылық бар.
Click to Flip
Ақиқат. Шындығында ер мен әйелдің миында айтарлықтай айырмашылық бар. Әдетте ерлердің миы ауырлау болады. Олардың ми бөлімдері де өзгеше. Бірақ мұның ойлау қабілетіне еш әсері жоқ.
Мидың көп бөлігі майдан тұрады.
Click to Flip
Ақиқат. Шындығында мидың 60%-ы майдан тұрады.
Есінеу мидың жұмысын жақсартады.
Click to Flip
Ақиқат. Адам есігенде тыныс жолдары арқылы ағзаға оттегі барады. Оттегі көп келген кезде мидың жұмысы жақсара түседі.
Адам миының 10%-ын ғана қолданады.
Click to Flip
Аңыз. Мидың әр бөлігі әртүрлі әрекетке жауап бергенімен күні бойы адам мидың әлеуетін толық пайдаланады.
Ауру рецепторлары мида орналаспаған.
Click to Flip
Ақиқат. Бұл енді шындық. "Сонда бас не себепті ауырады?" деген орынды сұрақ. Ауру рецепторлары мида емес, бас қыртысында орналасқан. Сондықтан ми емес, "басым ауырып тұр" деген дұрысырақ.
Адамның ақылы, білімі, тәжірибесі көбейген сайын ми қатпарлары да көбейеді.
Click to Flip
Аңыз. Себебі, ми қатпарлары адам өмірге келген алғашқы айда қалыптасады да, өзгеріссіз қалады. Интеллектінің дамуы ми қатпарларының көптігіне байланысты емес.
Адамның интеллекті мидың көлеміне байланысты.
Click to Flip
Аңыз. Мидың мөлшері мен адамның интеллекті арасында ешқандай байланыс жоқ. Мысалы, ежелгі адам неандерталдың миы қазіргі адамдардікінен екі есе үлкен болған.