Ерке Есмахан Төреғали Төреәлімен қайта табысты

Әнші өзінің желі парақшасында Төреғалимен бірге Қызылорда әуежайында түскен фотосын жариялаған. Мұны көрген әншінің табынушылары екеуінің «қайта табысып, реніштерін артта қалдырғандарына» қунашытарын білдірген.

«Сіздерді бірге көргеніме қуаныштымын», «Екеуі қосылыпты ғой», «Күнде екеуі қайта дуэт болса екен деп жүр едім», «Қатты қуаныштымын, қырғыз қызбен айтқанда біртүрлі болып жүр едім. Еркеге жетпейді бәрібір, жақсы болған бірге болғандарың», — деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлеп Ерке Есмаханды «Алло» әнінің арқасында танымал болды дегені Баян Есентаеваның қытығына тиген.

Бұған шамданған Есентаева Төреғалидың әкесінің былықтарын жайып салғанеді. Ал «Алло» әнін шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленген Ерке Есмахан әріптесінің әкесі жайлы артық сөз айтқысы келмейтінін айтқан.

Содан кейін Төреғали Төреәлі жеке концертіне Ерке Есмаханды шақырмай қойып, тіпті Ерке Есмаханды қырғыз әншісіне «айырбастап» жіберген болатын.

Дереккөзnur.kz