26 шілде: Екі облыста ескерту жарияланды

Гидрометеорологтардың хабарлауынша, 26 шілде күні таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл соғу мүмкіндігі – 95-100%,

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Дауыл соғу мүмкіндігі – 90-95%.