«Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі «Дін мен дәстүр» жобасының аясында екінші кездесуін өткізді

Дінтанушы-теолог Асылтай Тасболат базар жамағатына қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің рөлі туралы әңгімеледі. Жақында Елбасы қабылдаған Ұлттық домбыра күнінің маңызы туралы айтып берді.

2018 жылдың 8-ші шілдесі күні «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Дін мен дәстүр» жобасы аясында екінші кездесуін өткізді. «Өжет» базарының намазханасы біраз уақыт бұрын жабылып қалғандықтан, кездесу «Арлан» базарының намазханасында өтті. Дінтанушы-теолог Асылтай Тасболат жамағатқа қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігін түсіндірді. Оларды жат ағымның жетегінде еріп кетпеуге шақырды.