Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы Ислам діні

Ақын оқырманын имандылыққа, жан тазалығына тәрбиелеуде құр насихат емес, мұсылмандардың Құраннан кейінгі дәлелі – хадистерді қолдана отырып, Ислам дүниесінің негізгі ой қазығын адамдар санасында жаңартып, жаңғыртып, осылайша халықты мұсылмандықтың ізгі нұрымен сәулелендіре түседі. Әрі ақынның хадистерді қолдану барысында көп жерде «Хазірет Пайғамбар былай деген еді» деп жатпай, тікелей өлең шумақтарының арасына енгізіп жіберуі сол кезеңдегі халықтың бұл хадистерден хабардар екенін көрсетеді.

Ш.Әділбаеваның «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабы бойынша жазылды.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.