Ақтөбеде алып сәби өмірге келді

Мұндай ірі баланың өмірге келуі Ақтөбенің перинаталдық орталығында алғаш рет кездесіп отыр.

«Салмағы — 6 келі 350 грамм, бойы — 63 сантиметр. Табиғи жолмен босандырып алдық. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы», — деді Ақтөбе перинаталдық орталығының дәрігерлері.

15 шілде күні өмірге келген сәби Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың бес ұлдан кейін туған алғашқы қызы екен.

Мұның алдында алып сәби 23 сәуір күні Екібастұзда дүниеге келген еді. Ұл баланың салмағы 5,9 келі, бойы 69 сантиметр болды. Ата-анасы оған Савелий деген есім берген.

ДереккөзInform.kz