Автожол учаскілері
Көрнекі сурет

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық мәслихаттың кезектен тыс VI сессиясында биылғы бюджет нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізіп, жобаларды 9,3 млрд теңгеге ойтайландыру арқылы ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жасалды.

Биылғы бірінші жартыжылдықта Алматы экономикасының барлық саласында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға,  құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция  25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысында үнемделген қаржы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге, жаңа ықшамаудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге  жұмсалады.

Сонымен бірге биыл қаланың бірқатар ауданында сыртқы жарық көздеріне жөндеу  жүргізіледі. Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көкқайнар, Ұлжан-2 ықшамаудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде де жол жөнделіп жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

“Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау” аясында мыңдаған жұмыссыз 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысанында сейсмикалық тексеру жүргізіледі.

Еске салсақ, “Алматы-2020” даму бағдарламасына және қалалықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген. Алматы бюджеті биыл 526,7 миллиард теңге болды.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!