Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында баға төмендеуі мүмкін

2018 жылы Атырау облысында 3892 пәтерлі 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, ал қалғаны — аудандарда. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіші.

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы «Береке» ықшамауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп шығып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Атырау
©Жергілікті баспасөз

«Мұндай көп тұрғын үй құрылысына жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылық жоғары болды. Облыс басшылығы өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде бірқатар жұмыс атқарды. Бұл Атырауда құрылыс саласында серпіліс туғызды. Біздің міндетіміз — өз қаражатын тұрғын үй құрылысына инвестициялағысы келетіндер үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау. Бұл ипотекалық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді», — деп атап өтті әлимұхаммед Құттұмұратұлы.