«Славян базары» байқауында Қазақстан әншісі бірінші орын алды

1-орын Қазақстанға, 2-орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді.

«Витебскіде өткен «Славян базары 2018″ халықаралық байқауында бірінші орынға ие болған Әміреге 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы берілді. қазылар алқасының шешіміне қатысты түрлі пікір айтып, дауласуға болады, бірақ менің көңілім толды, өнерпаздың да. Мұндай ауыр вокалдық байқауда бірінші орын алу, менің ойымша — өнерге енді қадам басқан артист үшін жетістік. Қазақстандық делегацияға және әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсеткендердің барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз әлемдік музыка аңыздарынан ең жоғары баға алдық, олар: Р.Рымбаева, А.Морозов, Р.Лоретти, В.Гришко, М.Качмарек және өзгелер», — деді Әміренің продюсері Жан Мұқанов.

Дереккөзtengrinews.kz