Әміре «Славян базарының» финалына өтті

«Бірінші күннің қорытындысы бойынша, байқаудан 6 ел шығып кетті. Олардың қатарында Мексика, Греция, Босния мен Герцеговина, Әзербайжан, Гвинея, Египет мемлекетінің өкілдері бар. Қазақстан ары қарай өтті»,- деп жазды әнші Ернар Садырбаевтың продюсері Жан Мұқанов өзінің парақшасында.

Аталған өнер фестивалінде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайберген төрелік етеді. Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген 2015 жылы осы байқаудың жеңімпазы атанған болатын.

ДереккөзInform.kz