Зейнетақы қорына ақша аудармаған фрилансерлер жауапқа тартылады

Уақытылы жарна төлемеген агенттер үшін өсім қарастырылады. Агент дегеніміз  -міндетті зейнетақы жарнасына ақша аударуға тиіс заңды, жеке тұлғалар. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заң тұрғысынан оларға бірінші кезде айыппұл салынып, қайталанған жағдайда олар жауапқа тартылады, — деді басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Оның айтуынша, 2020 жылға қарай елімізде жалпыға бірдей табысты декларациялау шаралары енгізіледі. Соған сәйкес, жеке табысты анықтау басталады. Зейнетақы жарнасын дұрыс тәртіппен әрі уақытылы төлеуді мемлекеттік кірістер органдары қадағалайды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің айлық кірісі есептеледі. Содан екінші деңгейлі банктер арқылы 10% өндірілед», — деді Сәуле Егеубаева.

Еске сала кетейік, «Зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заңға өзгерістер енгізілген болатын. Заңға сәйкес, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар зейнетақы төлемін жасауға міндеттелді.

БЖЗҚ бұл өзгерістерден оң нәтиже күтеді. Заң 14 шілдеде өз күшіне енеді.

Дереккөзinform.kz