Бенджамин Франклин әдісі

Бенджамин Франклин қарапайым отбасыдан шыққан. Оның әкесі сабын мен майшам өндіретін цехте жұмыс істеген. Дегенмен Франклин — көптеген жетістікке жеткен тұлға. Ол өзінің дұрыс жоспар қоя білуінің және қатаң тәртіпті сақтауының арқасында көптеген салада: саясатта, дипломатияда, ғылымда, журналистикада бағын сынап, барлығына бірдей үлгерді. Франклин — Америка Құрама Штатының негізін қалаушылардың бірі. Себебі ол Тәуелсіздік Декларациясын және елдің Конституциясын жазуға атсалысқан.

Франклин АҚШ-тың президенті болмаса да, оның портреті жүз долларлық банкнотта бейнеленді. Ол «Уақыт дегеніміз — ақша, және «Бүгіннің ісін ертеңге қалдырма» деген сияқты қанатты сөздердің авторы.

Франклин үшін уақыт шын мәнінде маңызды болды.

Сіз өмірді жақсы көресіз бе? Олай болса, уақытты босқа өткізбеңіз, өйткені өміріңіз уақыттан тұрады.

20 жасында Франклин уақытты тиімді пайдалануға арналған жүйені ойлап тапты. Замандастары оны «Франклин пирамидасы» деп атады (кейде «өнімділік пирамидасы» — деп те аталады).

Франклин пирамидасы:

  • Бір күндік жоспар
  • Қысқа мерзімді жоспар
  • Ұзақ мерзімді жоспар (бір жылдық жоспар)
  • Мақсатқа жетудің басты жоспары
  • Ең маңызды жоспар (шығармашылық адамның нақты мақсаты)
  • Өмірдің негізгі құндылықтарынан тұратын жоспар

Пирамиданың негізгізісіне өмірлік құндылықтар жатады. Бұл — кез келген проблемаларды шешудің моральдық қағидалары. Франклин осы жайтты ескере отырып, 13 керек қасиетті анықтады: сабырлық, байсалдылық, тәртіпке бағынышты болу, батылдық, үнемділік, еңбекқор, адалдық, әділдік, қарапайымдық, тазалық, тыныштық және мейірімділік.

Өз-өзімен күнделікті жұмыс істеу барысында Франклин арнайы кітапша бастады. Ол кітапшаға өмірлік принциптерін жазып отырды. Әр бетті жеті бағанға (аптаның күндеріне) бөлді. Содан кейін ол ізгі қасиеттерге негізделген 13 көлденең сызықты жүргізді.

Осылайша ол өмірін тек жақсы жағынан өзгертуді көздеді.

Франклин пирамидасының келесі қадамы — бұл жаһандық мақсат. Ол өмірлік қағидаттарға негізделіп, «N жасына дейін неге жетуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, дәрігерге арналған үлкен мақсаттың бірі — 35 жасқа дейін бөлім басшысы болу, ал менеджер үшін өзінің стартаптарын бастауға мүмкіндік алу.

Бенджамин Франклин әр күнін жоспарлап отырған. Әр құрған жоспарының белгіленген уақыты бар.

  • Жалпы жоспар — мақсатқа қол жеткізу бойынша қадамдық нұсқаулар;
  • Ұзақ мерзімді жоспар — алдағы 3-5 жылдағы мақсаттар;
  • Қысқа мерзімді жоспар — келесі жылдың және айдың міндеттері;
  • Апта мен күнді жоспарлау.

Пирамидадағы барлық қадам нақты түрде ұйымдастырылуы қажет, яғни, құрған жоспарларға сәйкес кезекпен орындалуы керек.

Қорытынды

Күніңізді Франклин әдісімен жоспарлау үшін негізгі өмірлік қағидалар туралы шешім қабылдап, жоспар құрыңыз.

Ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлар құру үшін смартфондағы арнайы ескертпені (заметки) немесе қағаз бетіне «Жылдам жазбалар» жүйесін енгізуге болады.

Стивен Кови әдісі

Франклин жүйесі ізбасарларының бірі — Стивен Кови. Бұл менеджмент саласында әлемге әйгілі маман және жаттықтырушы. Кови — көптеген кітаптың авторы. Кітаптарының  бірі Тime журналының іскерлік әдебиеттерінің тізіміне енген.

Бұл — «Семь навыков высокоэффективных людей» кітабы. Кови оны 1989 жылы жазды, бірақ ол 2004 жылы қайта шығарылғаннан кейін ғана бестселлер болды.

Кови тұжырымдамасы жеті дағдыға негізделген:

  • Өз-өзіңді үнемі жетілдіріп отыру.
  • Синергияға қол жеткізу, яғни өзара тиімді әрекеттесуге ұмтылу.
  • Белсенді болу;
  • Алдымен дұрыс тыңдау, содан соң біреуді тыңдату;
  • Нақты мақсат қою;
  • Ішкі түйсікте «Мен жеңіске жетемін! Мен жеңіске жетемін!» деп ойлау;
  • Бүгін істеу керек дүниені кейінге қалдырмау.