«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да жанармайды тиімді құйыңыз

6 шілдеден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ларында акция басталды, оның аясында клиенттер жанармайға қолма-қол ақшамен төлем жасаған жағдайда жеңілдік алады.

20 литрден астам АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшаға құйған кезде, жеңілдік әрбір литрден 3 теңгені құрайды.

«Бензин еліміздің экономикасы үшін әлеуметтік маңызды өнім болып табылады. Ұлттық брендінің рөлін айқын түсіне отырып, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі тұтынушылардың мүдделерін қолдауды маңызды артықшылық деп санайды, — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары – коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Төлеміс Шотанов.

«Сондықтан компания клиенттерді қосымша акциялармен және жеңілдіктермен қуанту үшін, сондай-ақ біздің ЖМҚС-ларымызда қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін шығындарды оңтайландыру мүмкіндіктерін іздестіреді» — дейді Төлеміс Шотанов.