Инстаграмда қаралған жазбаларды бақылауға болады

Instagram қосымшасында пайда болған жаңа функция туралы әлеуметтік желінің ресми сайтында айтылды.

«Қолданушылардан қаралған жазбаларды бақылап отыру қиынға соғатынын естідік. Енді осы функцияның көмегімен сіздер соңғы фото немесе видеоларды өткізіп алмайсыз»,-делінген хабарламада.

Аталған функция Android және iOS қолданушылары үшін 2 шілдеден бастап қолжетімді болады. Жақында ғана Instagram-да видеочат пен жаңа эффектілердің пайда болған еді.

Енді Instagram-да Direct-те бір немесе бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады. Видеочат көмегімен достарыңызға телефон нөмірінсіз iOS және Android арқылы қосыла аласыз.