Астана басқа қалалармен бәсекелесе алады — Уфа мэрі Ирек Ялалов

Іс-шара аясында Астана әкімі Уфа және Самарқанд қалаларының әкімдерімен, сондай-ақ Санкт-Петербургтің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында одан әрі ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, барлық делегаттар қаланың айтарлықтай өзгеруін атап өтті.

«Қаланың көрінісіне қарап тамсана бердім, себебі мамандығым бойынша құрылысшымын. Мұнда әрбір нысан қалау салудағы жетістіктің көрінісі екені таң қалдырады. Астананың тәжірибесі ұлтаралық деңгейде де жақсы шешілген, барлығы мұнда өздерін жайлы сезінеді. Кеше біздің делегаттар бір ғимаратта даяшы болып жұмыс істейтін қызды кезіктірді. Оған біз «сен Ресейденсің, Уфаға кеттік» деп айттық. Оның айтуынша, бір кездері осында әжесі тың игеруге келген екен. Ол бізге: «Жоқ, мен Қазақстанда туып өстім, туған қаламда өмір сүремін» деп айтты. Мұнда яғни Астананың кеңестік елдерден кейінгі қалалармен бәсекелесе алатынын айтуға болады», – деді Уфа мэрі Ирек Ялалов.

Елорданың маңызды өзгерістерін Самарқаның мэрі Фуркат Рахимов пен Санкт-Петербург губернаторының өкілі Юрий Шестериков заң шығару жиналысында атап өтті.

«Расында біздің президентіміздің саясатының арқасында еліміз, қалаларымыз жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет басшымыз достық рәуіштегі саясатты жүргізіп келеді, әсіресе бизнес, қалалар мен кәсіпорындар, түрлі салаларда тығыз байланыс орнатқан. Қала қарқынды дамып келеді, біз де барлық деңгейде әріптестікті нығайта түспекпіз. Меніңше осы кездесу біздің қалалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға түрткі болады деп ойлаймын», – деді Ә. Исекешев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2-3 шілдеде Global Silk Road Жібек жолы қалалары мэрлерінің І форумы өтіп жатыр. Шараға 60 елден 3000 қатысушы тіркелді, оның ішінде 73 мэр және Жібек жолы елдерінің өкілдері бар.