Дайвинг деген не?

Дайвинг дегеніміз арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен су астында жүзу. Ағылшын тілінде «diving» сөзі «жүзу» деген мағына береді.

Дайвинг кезінде ауаның автономды запасы бар аппараттармен немесе газды қоспаның көмегімен су астында 12 минуттан бірнеше сағаттар бойы саяхаттауға болады.

Суға жүзу
Фото: br.freepik.com

Дайв-туризмнің түрлері

Дайвингтің халық арасында кең тараған жалпылама екі түрі бар. Алғашқысы– кәсіби жүзу болса, екіншісі – ойын-сауық пен туризм. Біріншісіне коммерциялық және әскери дайвинг кіреді. Екінші топқа техникалық және спорттық дайвинг жатады. Сондай-ақ, мұз астындағы дайвинг, су астындағы спелеология, танымдық дайвинг, су астындағы фото-кино-видеотүсіру, спорттық аң аулау, су астындағы археология сияқты түрлері де бар.

Дайвингті мақсаты мен деңгейіне қарай 3 классқа жіктеуге болады.

  • Рекреациялық дайвинг. Бұл демалу, рахаттану мақсатында жасалатын су астындағы жүзу болып табылады. Рекреациялық дайвинг 40 метр тереңдікке сүңгумен шектеледі. Рекреациялық дайвингті техникалық дайвинг деп те атайды. Суға сүңгудің бұл түрі декомпрессивтік аялдамаларды қажет ететін туризм түріне жатады. Техникалық дайвингтің өзі кейв-дайвинг және батпақтық дайвинг болып бөлінеді.
  • Профессионалдық немесе коммерциялық дайвинг су астында зерттеу жұмыстарын жүргізетіндерге арналған. Кәсіби сүңгуірлер арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, су түбіндегі пайдалы қазба байлықтарын жер бетіне шығару үшін қызмет етеді.
  • Спорттық дайвинг. Спорттық дайвингтің әлемдік ұйымы CMAS 2008 жылдан бері спорттық туризм бойынша жарыстар ұйымдастырады. Ең алғашқы халықаралық жарыс аталған жылдың 24 мамырында Хурга қаласында өтті.

Дайвинг географиясы

Дайвингтің артықшылығы – бүкіл әлемге таралуы және маусым талғамайтындығы. Дайвинг кезінде өзенге де, көлге де, теңіз, мұхит тіпті, үңгірлер мен шахтаға да сүңгуге болады.

Саяхатшылар көп жағдайда маршрут таңдау кезінде көлік бағасы, климаты, су температурасы, су астындағы тіршіліктің байлығы сияқты факторларға назар аударады.

Скандинавия мен Аляскада да дайв-орталықтары белсенді жұмыс істейді. Алайда, аквалангистердің ең сүйікті жерлері тропик пен субтропик курорттары болып табылады.

Әлемдегі дайв-туризмнің ең жақсы дамыған аймақтары: Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит Аралдары, Орталық Америка, Жерортатеңізі, Қызыл теңіз. Дайв-туристерді Лабуан, Лайанг-Лайанг, Сипудан, Тиоман және Реданг аралдары көп қызықтырады.

Тынық мұхитындағы ең белгілі аудан – Фиджи, Галапагос және Вануату аралдары. Фиджи аралында Ж.М.Кусто дайв орталығы орналасқан. Онда аквалангистерді суда жүзуге үйретеді, экологиялық турлар өткізіледі, сондай-ақ мұнда арнайы видео-фототүсіру курстары бар.

Дайвинг қауіпті ме?

Дайвинг
Фото: let-us-dream.ru

Су – адам үшін қауіпті орта. Себебі, адамның өкпесі су астында жүзуге арналмаған. Сүңгі кезінде адамдарда су астына кету, декомпрессиондық аурулар, көміртек монооксиді, оттегі немесе азот сияқты газдардан улану болуы мүмкін.  Сондай-ақ, су астында адамға қауіп төндіретін тіршілік иелері кездеседі.

 Терең суға сүңгудің медициналық қарсы көрсеткіштері де бар. Олар: ішкі аурулар, созылмалы аурулар, туберкулез, хирургиялық аурулар, құлақ, тамақ, мұрын, ауыз қуысы мен жақ аурулары, көздің қабынуы.

Сүңгуір болу үшін…

Дайвингпен айналысатын адамдарды көбінесе аквалангистер немесе дайверлер деп атайды. Кәсіби дайвер болу үшін сүңгуірдің арнайы оқуын оқып, су астындағы су ассоциациясының сертификатын алу қажет.

Сүңгуірлер
Фото: eurodive.com.ua

Ал қарапайым демалыс орындарында сертификат иесі болмай-ақ, су астындағы инструктаждан өтуге болады. Оның барлығы тікелей нұсқаушыныңқатысуымен жүзеге асырылады.