Қаржы министрі: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 миллион теңге игерілмей қалуы мүмкін

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен 474 млрд теңге қарастырылған. Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша 129 млрд теңге игерілді. Бұл есептік кезең жоспарының 96,2%. Жылдық жоспардағы игерілу 27,2% құрады. Әкімшілердің өздерімен жүзеге асырылатын шығыстар 94,6 млрд теңгеге атқарылып, 94,9% игерілді. Алдын ала мәліметтер бойынша 5,1 млрд теңге атқарылған жоқ. Оның ішінде, 4,7 млрд теңге автомобиль жолдарын дамыту бойынша болып отыр. Бұл өткен жиналыста айтылғандай, сыртқы қарыздар қаражаты болып табылады және олар бойынша төлемдер 5 шілдеден кейін өтеді. Сол себепті, атқарылу проценті ертеңнен бастап 99,7% құрайды деп айта аламыз. Игерілмегені 300 млрд теңге», — дейді министр.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, өңірлерге аударылған 34,5 млрд теңге 91,5% игерілген және қазіргі уақытта 2,7 млрд теңге игерілмеген.

«Есепті кезеңде міндеттемелер 266 млрд теңгеге қабылданды. Бұл жылдық жоспардың 56,1%. Орталық мемлекеттік органдардың өздерінің шығыстары бойынша 232 млрд теңгеге қабылданды және бұл жылдық жоспардың 62,4%. Қаржы жылының соңына дейін 139 млрд теңгеге келісімшарттар жасау күтілуде. Негізгі сома бұл Халықаралық қаржы ұйымдарымен заем арқылы атқарылатын шығыстар. Жергілікті органдарда міндетемелер 64,7 млрд теңгеге немесе жылдық жоспардың 62,8% қабылданды. 38 млрд теңгеге міндеттемелер қабылданбады, оның ішіндегі 19 млрд теңге жолдарды ағымдағы жөндеу және реконструкциялауға бқлінген нысаналы трансферттер бойынша, қалған 19 млрд теңге жылу және сумен жабдықтиау үшін берілген кредиттер бойынша. Қаражаттың 1 шілдедегі атқарылу нәтижесіне біз жасаған талдау бойынша, жылдың соңына дейін 50 млрд теңге игерілмей қалып отыр. Оның ішіндегі 39 млрд теңге жоғарыда аталған заем қаражаты. Жергілікті деңгейде 10 млрд теңге жыл соңына дейін игерілмей қалуы мүмкін. Олар жолдарды қайта құру, жөндеу бойынша 8 млрд теңге және жылу-сумен жабдықтау бойынша 2 млрд теңге», — деген министр жергілікті атқарушы органдар бұл проблемадан хабардар екенін және тиісті жұмыстар жүргізу бойынша аталған қаражат жыл соңына дейін игерілуі мүмкін екенін атап өтті.

Дереккөзbaq.kz