Елорда күні кезінде 3500 тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қадағалайды

Қала күнін тойлау аясында 2-8 шілде аралығында Астанада 76 іс-шара өтеді деп күтілуде. Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтап, елорда тұрғындары мен қонақтарының еркін демалуына қолайлы жағдай жасау үшін 3500-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылады. Оның ішінде Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері де бар.

Сондай-ақ мерекелік іс-шаралар кезінде полицейлерге қоғамдық көмекшілер мен құқық қорғау бағытындағы ұйымдар көмектеседі.