Шара кезінде компания президенті Питер Фостерге ТМД елдерінде жолаушы авиациясын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Керемет адамдардың өмірі» әлемдік қауымдастығының құрметті мүшесі» алтын белгісі табыс етілді.
«Ресей – біз үшін Қытай мен Үндістанмен қатар тұрған өте маңызды және келешегі зор нарықтың бірі. Сондықтан бағыттағы рейс жиілігін жүйелі түрде арттырып отырамыз. Қазіргі кезде біз Мәскеу, Санкт-Петербор, Екатеринбор, Новосібір бағытында күнделікті рейс жасаймыз. Сондай-ақ 6 ауа кеңістігіндегі транзиттік потенциал қызықты, бұл үшін біз жолаушыларға тиімді бағыт түйісін және Stovoper Holidays бағдарламасын ұсынып отырмыз», — дейді Питер Фостер.
Әуе компанияның ұшағы алғаш рет Ресейге Алматы мен Астана қалаларын Мәскеумен жалғастырып 2002 жылдың қыркүйегінде ұшқан. Ал 2009-2012 жылдар аралығында Астанадан Новосібір, Екатеринбор, Омбы мен Санкт-Петерборға, Алматыдан Санкт-Петербор мен Қазанға қатынайтын рейстер ашылды. Оларға биылғы маусымның басынан Астанадан Түмен мен Қазан қалаларына қатынайтын бағыттар қосылды. Осылайша, «Эйр Астана» 10 бағыт бойынша ресейлік 7 қалаға тұрақты тікелей жолаушы тасымалдайды.
Ресей нарығында жұмыс істеген 16 жыл ішінде «Эйр Астана» 4,5 миллион жолаушы мен 24 мың тонна жүк тасымалдапты. 13 миллионнан аса жолаушы шақырымын ұшып өткен. Алғашқы 5 ай қорытындысында ресейлік бағыттар бойынша жолаушы орындардың орташа толымдылығы 67,25 пайызды құраған.
Әуетасымалдаушы ресейлік жолаушылар үшін Азия елдері, Таяу Шығыс, Кавказ елдеріне, ал сібірлік қалалардан келген жолаушылар үшін Еуропа мен Түркияға апаратын тиімді бағыт түйісін ұсынады. Сапары бір күннен асатын, Астана мен Алматыда бағыты түйісетін жолаушылар үшін 1 АҚШ доллары тұратын Stovoper Holidays туристік пакетін ұсынады, бұл пакетке алғашқы күні қонақүйде бір түн түнеу мен әуежайдан қонақүйге апарып, алып келетін трансфер кіреді.