air astana Эйр Астана
©Kapital.kz

Шара кезінде компания президенті Питер Фостерге ТМД елдерінде жолаушы авиациясын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Керемет адамдардың өмірі» әлемдік қауымдастығының құрметті мүшесі» алтын белгісі табыс етілді.

«Ресей – біз үшін Қытай мен Үндіс­танмен қатар тұрған өте маңызды және келешегі зор нарықтың бірі. Сондықтан бағыттағы рейс жиілігін жүйелі түрде арттырып отырамыз. Қазіргі кезде біз Мәскеу, Санкт-Петербор, Екатеринбор, Но­восібір бағытында күнделікті рейс жа­саймыз. Сондай-ақ 6 ауа кеңісті­гіндегі транзиттік потенциал қызықты, бұл үшін біз жолаушыларға тиімді бағыт түйісін және Stovoper Holidays бағдар­ламасын ұсынып отырмыз», – дейді Питер Фостер.

Питер Фостер. Фото: Air Astana

Әуе компанияның ұшағы алғаш рет Ресейге Алматы мен Астана қалаларын Мәскеумен жалғастырып 2002 жылдың қыркүйегінде ұшқан. Ал 2009-2012 жыл­дар аралығында Астанадан Новосі­бір, Екатеринбор, Омбы мен Санкт-Петер­борға, Алматыдан Санкт-Петер­бор мен Қазанға қатынайтын рейстер ашылды. Оларға биылғы маусымның басынан Астанадан Түмен мен Қазан қалаларына қатынайтын бағыттар қосылды. Осы­лайша, «Эйр Астана» 10 бағыт бойынша ресейлік 7 қалаға тұрақты тікелей жо­лаушы тасымал­дайды.

Ресей нарығында жұмыс істеген 16 жыл ішінде «Эйр Астана» 4,5 миллион жолаушы мен 24 мың тонна жүк тасы­малдапты. 13 миллионнан аса жолаушы шақырымын ұшып өткен. Алғашқы 5 ай қорытындысында ресейлік бағыттар бойынша жолаушы орындардың орташа толымдылығы 67,25 пайызды құраған.

Әуетасымалдаушы ресейлік жолау­шылар үшін Азия елдері, Таяу Шығыс, Кавказ елдеріне, ал сібірлік қалалардан келген жолаушылар үшін Еуропа мен Түркияға апаратын тиімді бағыт түйісін ұсынады. Сапары бір күннен асатын, Астана мен Алматыда бағыты түйісетін жо­лаушылар үшін 1 АҚШ доллары тұратын Stovoper Holidays туристік пакетін ұсынады, бұл пакетке алғашқы күні қонақүйде бір түн түнеу мен әуежайдан қонақүйге апарып, алып келетін трансфер кіреді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!