Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин мен оның орынбасарлары, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов, инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев, ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысқан.
Жиында «Ұл жоспары — бес реформаны жүзеге асыруға арналған жүз нақты қадам» бағдарламасының орындалу барысы, экономикалық даму, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселелері талқыланған.
Кездесу қорытындысында Назарбаев үкіметке 2016 жылдың екінші жартысында экономикалық өсімге дем беру үшін қосымша 240 миллиард теңге бөлуді тапсырған. Мемлекеттік бюджеттен қаржыны үнемдеу арқылы бөлінетін ақша шағын және орта бизнесті дамытуға, дербес тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру және несиелендіруге, ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға жұмсалмақ.