Нұрлан Нығматулин Анатолий Смолин Талғат Донақов Әсет Исекешев Қуандық Бешімбаев Ерлан Сағадиев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин мен оның орынбасарлары, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов, инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев, ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысқан.

Жиында “Ұл жоспары – бес реформаны жүзеге асыруға арналған жүз нақты қадам” бағдарламасының орындалу барысы, экономикалық даму, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселелері талқыланған.

Кездесу қорытындысында Назарбаев үкіметке 2016 жылдың екінші жартысында экономикалық өсімге дем беру үшін қосымша 240 миллиард теңге бөлуді тапсырған. Мемлекеттік бюджеттен қаржыны үнемдеу арқылы бөлінетін ақша шағын және орта бизнесті дамытуға, дербес тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру және несиелендіруге, ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға жұмсалмақ.

1 пікір

  1. Кітап, газет журналдарды толық электронды үлгіге өткізу керек. Кəзіргі оқырман барлық жаңалықтарды гаджеттерден оқуға көшкен. Оның тиімді жақтары. 1.Қалаған тіліңде оқи аласын. 2. Қалаған уақытта қалаған күніңді тауып ала аласын. 3. Жоғалмайды. 4.Жыртылмайды. 5. Алып жүру жеңіл. 6.Əрқашан жаныңда. 7. Сол жайлы пікірсайыс жүргізе аласын. 8.Барлық жаңалықты бір гаджеттен табасын, бағасы арзан. 8.Ұнаған тақырыпты басқаға жібере аласын. 9. Сызасын, жазасын қайта өзгерте аласын. 10. Мақалаңды 24сағат бойы жібере аласын.11.Мектептерге бару азаяды, оқу орындар саныда азаяды, өзімен жұмыс істеу көбейеді. 12. Ең маңыздысы- Кітап, газет, журналдарға, сумка, қарындаш, сызғыш, өшіргіштерге, типографияларға, оргтехникаларға, айлық төлеу шығындары, сигнализация, қажетсіз тасымал көліктерге, жанар жағар майларға, кеткен миллиард миллиардтаған шығындар қажеті жоғалады. Барлық өндіріс орындарымызды роботтандыруымыз керек. Жұмыс күші азаю керек. Мұғалімдер орнына видео сабақтар, онлайн скайп тесттер орнату жəне мұғалімдер орнына болашақта сабақ бағдарламалары көшірілген жетілдірілген робот мұғалімдер істесе болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!