Басты бет / Жаңалықтар /
Баян Есентаева

Министр Қасымов Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

«Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, біз істі кісі өлтіруге оқталу бабына қайта өзгерттік. Қалғанын сотта білесіздер», — деді Қасымов.

Ол Баян Есентаеваның ауруханадағы суретінің әлеуметтік желілерде таралып кетуіне қатысты сұраққа да жауап берді. «Қазір тексеріс жүріп жатыр. Бұл жақсы әрекет емес, соңына дейін тексереміз», — деді ол.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі — Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз

1 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алла шипасын беріп жазылып кетсін!